Басқару

ҚСЗИ президенттік реформаларды талқылайтын тұрақты кездесулер өткізуді бастайды (Фото)

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты модернизация бойынша Ұлттық комиссияның жұмыс тобы мүшелерімен президенттік реформаларды талқылайтын тұрақты кездесулер өткізуді бастайды.
Астана қаласы 27 Тамыз, 20:03

Институттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа жобаның мақсаты – елдегі реформалардың кеңінен насихатталып, таратылуына сеп болу және сарапшылар қауымымен кері байланыс механизмін қалыптастыру.

Аталған жоба аясында 26-тамыз күні алғашқы кездесу өтті. ҚСЗИ қабырғасында өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. «Ашық үкімет қалыптастыру: жоспарлар мен ағымдағы жағдай» тақырыбында өткен жүздесуде «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасыкеңінен талқыланды. Пікір алмасуға қазақстандық сарапшылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен экономикистер қатысты.

Келесі кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлымен өтеді.

Қосымша ақпараттар ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сайтында жарияланып тұрады.

 

 





Яндекс.Метрика