Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

А. Дауылбаев: Қазақстанда лаңкестікпен күресу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Қазақстанда халықаралық экстремизммен, лаңкестікпен қүрес аясында жүйелі түрде үлкен жұмыстар жүзеге асырылуда, деп хабарлады ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Астанадағы ШЫҰ мүше елдері бас прокурорларының 13-ші отырысында.
Астана қаласы27 Тамыз , 10:24

«Қылмыспен күрес мәселесі барлық мемлекеттер үшін маңызды. Заманауи қауіптің бірі экстремизмен және лаңкестік  көріністері болып табылады, Олар адам өміріне, денсаулығына үлкен қауіп төндіруде. Бұл қауіптер бүгінде халықаралық сипатқа ие болды. Өкінішке орай біздің мемлекетімізде террористік актілермен бетпе-бет келді. Сондықтанда Қазақстанның барлық құрылымдары қылмыстық әрекеттерді алдын алуға немесе дер кезінде әшкерелеуге бағытталған», – деп хабаралады А. Дауылбаев.

Оның айтуынша, 2003 жылдан бастап лаңкестікке   қарсы орталық жұмыс істейді, онда барлық арнайы бөлімдердің қызметтері үйлестіріледі.

«2013 жылдан бастап терроризммен және экстремизммен күресудің арнайы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жалпы, Қазақстанда халықаралық экстремизммен, терроризммен қүрес аясында жүйелі түрде үлкен жұмыстар жүзеге асырылуда», – деп түйді ҚР Бас прокуроры.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика