Ғылымды қажет ететін экономика

ҚР ҚК бөлімдеріне 3 000-нан астам әскери автотехника келіп түсті

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 10-жылдығын мерейтойын тойлауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 27 Тамыз, 17:19

Осыдан дәл 10 жыл бұрын автоқұрастыратын өндіріс зауыты құрылып, Қазақстан Қарулы Күштеріне пайдалануға алғашқы қазақстандықавтокөлік берілді.

Сол сәттен бастап қазақстандық армия үшін саны 3 000-ға жуық автотехника шығарылған болатын. Бүгінгі күні «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк автокөліктері мен арнайы техникаларды құрастырып өндіруін жалғастырып келеді. Қазіргі кезде кәсіпорын шығаратын көліктің 40 түрі бар.

Сонымен қатар «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ автокөлік техникасын өндіру ауқымындағы ірі бірлескен қазақстандық-ресейлік алғашқы жобалардың бірі екенін айта кеткен жөн. Біздің елде Қазақстан Қарулы Күштерінің қажеттілігі үшін әскери және қосарлы қолданыс өнімін шығаруға құрылтайшы «Қазақстан инжиниринг» компаниясы болып табылады.
 





Яндекс.Метрика