Халықаралық интеграция

ҚР Қауіпсіздік кеңесі экстремизмнің қаржы қызметін жою керек екенін атап өтуде

Экстремистік және террористік ұйымдар жоғары деңгейдегі қаржыландыруды сақтап отыр, сондықтанда ұйымның бір жолға қойылған жасырын қызметтін жою керек, деп хабарлады Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев Астанадағы ШЫҰ мүше елдері бас прокурорларының 13-ші отырысында.
Астана қаласы27 Тамыз , 09:51

«Жақында ғана өткен Уфа саммитінде мүше мемлекеттердің басшылары ШЫҰ-ның 2025 жылға дейін дамыту стратегиясын бекітті. Стратегияда сепаратизммен, терроризммен және экстремизммен күресуге үлкен көңіл бөлінген. Бүгінде террористік топтардың күннен күнге артып бара жатқан белсенділігі баршамызды уайымдатып отыр. Жоғары деңгейде төніп тұрған қауіп онымен күресудің жаңа әдістерін іздестіруді қажет етуде. Атап айтқанда, ШЫҰ терроризмге қарсы қолданыстағы тұжырымдамасын толықтыру, дәл осындай экстремизмге қарсы күресуге бағытталған  құжаттарды жасақтау. ШЫҰ-ның басты міндеттерінің бірі – террористік базалармен күресте бірлесіп  жұмыс істеу», – деді Н. Ермекбаев.

Президент көмекшісінің пайымынша, Ресейдің есірткі саудасы арқылы терроризмді қаржыландырумен күрес бойынша аймақтық терроризмге қарсы құрылымдар аясында жұмыс тобын құру туралы ұсынысы дер кезінде жасалып отыр және ол өте қажет.

«Экстремистік және террористік ұйымдар жоғары деңгейдегі қаржыландыруды сақтап отыр. Олар мемлекеттік қаржы мекемелер арқылы опорация жасаудан бас тартады және электронды төлемдердің барлық түрлерін меңгеруде. Бұл бір жүйеге қойылған жасырын қызметті тек бірлесіп әрекет ете отырып әшкерелей аламыз», – деп есептейді ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Сонымен қатар, Н. Ермекбаев атап өткендей, қылмыстық құқықтық ынтымақтастықтың бағыттары бойынша байланысты нығайту керек. Атап айтқанда, заңсыз көші-қон, заңсыз қару-жарақ саудасы, адам саудасы және жемқорлық.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика