Халықаралық интеграция

Н.Ермекбаев: ШЫҰ мақсаты – қауіпсіздіктің нығаюы мен интеграциялық үрдеріске жәрдемдесу (Фото)

ШЫҰ бірдеңгейлі серіктестікті айқындайды, оның стратегиялық мақсаты қауіпсіздіктің нығаюы мен интеграциялық үрдеріске жәрдемдесу болып табылады, деді ШЫҰ мүше елдері бас прокурорларының 13-ші отырысында Президент кеңесшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев.
Астана қаласы 27 Тамыз, 09:24

«ШЫҰ назарында тұрақтылық пен қауіпсіздік басты назарға алынды.Прокуратуралардың бірлескен күші ШЫҰ-ның жалпы қызмет етуіне негіз қалап берді.  Ол өз кезегінде олардың арасындағы жоғары түсіністікті байқатады. Біздің мақсатымыз – өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау және мемлекеттер мен азаматтардың дамуына жағдай туғызу», - деді А.Дауылбаев.

Сондай-ақ, Президент кеңесшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы атап өткендей, ШЫҰ ауқымды халықаралық құрылымға айналды. Ол еуразиялық кеңістікте тұрақтылық сыйлап тұрған құрылым.

«ШЫҰ бірдеңгейлі серіктестікті айқындайды, оның стратегиялық мақсаты қауіпсіздіктің нығаюы мен интеграциялық үрдеріске жәрдемдесу болып табылады. Ұйымның қызмет ортасы өте кең және көлік қауіпсіздігі, сауда, саяси үйлестіру  саласын қамтиды. Ұйымдар мақсатты және белсенді трде кеңейіп, құзырлы органдардың қарым-қатынасы сұранысқа ие болып жатыр. Уфа саммиті аясында мемлекет басшылары ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдады», - деді Н.Ермекбаев.

Айта кетейік, Астанада Тәуелсіздік Сарайында ШЫҰ мүше елдері бас прокурорларының 13-ші отырысы өтуде. Отырыс барысында қылмыспен, лаңкестікпен, жемқорлықпен және өзге экстремизмнің белгілерімен, наркоманиялық заттарды заңсыз айналысқа жіберу, олармен күресу сынды маңызды мәселелер талқыланады.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика