Халықаралық интеграция

Астанада ШЫҰ мүше елдері бас прокурорларының отырысы өтуде

Астанада Тәуелсіздік Сарайында ШЫҰ мүше елдері бас прокурорларының 13-ші отырысы өтуде.
Астана қаласы27 Тамыз , 08:52

Отырыс барысында қылмыспен, лаңкестікпен, жемқорлықпен және өзге экстремизмнің белгілерімен, наркоманиялық заттарды заңсыз айналысқа жіберу, олармен күресу сынды маңызды мәселелер талқыланады.

Сондай-ақ, қатысушылар қылмыспен күрес саласында тәжірибемен алмасу, ШЫҰ елдерінің шекараларынан  заңсыз түрде өту, наркологиялық заттарды тасымалдаумен күрес сынды мәселелерді талқылайды.

Шараға ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, Президент көмекшісі – ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезенцев қатысты.

Сондай-ақ, ШЫҰ бас прокурорлардың 13 -ші  отырысының хаттамасы бекітіліп,  ШЫҰ елдері делегаттарының басшылары ҚР Президентімен кездеспек.

Ботагоз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика