Қазақ хандығына 550 жыл

ҚР Ұлттық музейінде қазақ құқығының тарихы туралы көрме ұйымдастырылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ҚР Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақ құқығының тарихы» көрмесі ұйымдастырылды.
Астана қаласы26 Тамыз , 18:47

«Конституциализм тарихы өзара тығыз байланысты. «Қазақ құқығының тарихы» көрмесі оның дамуының негізгі кезеңдерін бақылауға мүмкіндік береді, атап айтқанда «Қасымханның қасқа жолынан» бастап «Есімханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы», 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясына дейін», - деді ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері, көрме ұйымдастырушысы  Тоғжан Әділбекова.

Сонымен қатар ұйымдастырушы толықтырып кеткендей, Қазақстанның алғашқы конституциялық нормалары Қазақтардың ІІ съезінде жасақталды, ол 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен еді. Онда Алаш автономиясы құрылған болатын

Көрме экспозициясында хан билігінің атрибуттары, 1937, 1978, 1993 және 1995 жылғы Конституциялар ұсынылды.

Көрме қонақтарының қатарында еліміздің зиялы қауымының өкілдері, Қазақстанның Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков болды.

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Әлиев




Дерекнама

Яндекс.Метрика