Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

«Мәңгілік ел» мен 5 реформа ҚР Конституциясын құрамын толықтыруға бағытталған – Малиновский

«Мәңгілік ел» ұлттық патриоттық идеясы мен 5 институционалды реформа ҚР Конституциясынның нормалары мен бөлімдерін толықтырып жаңартуға бағытталған, деп ағынан жарылды ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының доктары Виктор Малиновский ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында өткен ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «Азамат әліппесі» шарасында.
Астана қаласы26 Тамыз , 18:21

«Өткен жылы Конституциялық кеңесте сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциямен белгіленген барлық міндеттер толығымен орындалмауда деген болатын. Өздеріңіз білетіндей Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық патриоттық идеясы мен 5 институционалды реформа ҚР Конституциясынның нормалары мен бөлімдерін толықтырып жаңартуға бағытталған», - деді В.Малиновский.

ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі атап өткендей, мемлекетіміздің нағыз патриоты болуымыз үшін Конституцияның әр сөзін білуіміз керек.

«Біз Қазақстан халқы Конституциясының барлық ресурстарын пайдалана алуымыз керек, оған адал және нормаларын қатаң сақтауға, қорғауға міндеттіміз», - деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика