Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

В.Малиновский: ҚР Конституциясы Қазақстан халқын біріктіреді

ҚР Конституциясы Қазақстан халқын біріктіреді, ол біздің балаларымызға сенімділік сыйлайды, деді ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы Виктор Малиновский ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында өткен «Азамат әліппесі» шарасында.
Астана қаласы26 Тамыз , 18:13

Шараның мақсаты Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптасуындағы рөлін талқылау үшін алаң құру.

«ҚР Конституциясы бүгін мен өткеннің тарихын біріктірді, болашаққа нық қарауға мүмкіндік тудырды, біздің елдің басты құндылықтары оның құрамына енгізілген. Жалпы мен жалқының, жаһандық пен ұлттық құндылықтардың тоғысуы Конституцияны құруға мүмкіндік берді», - деді ол.

Оның айтуынша, әрбір азамат Конституцияны оқи отырып Қазақстан халқын қандай күш біріктіріп отырғанын сезеді, сенімділіктің не  екенін сезіп, балалардың болашағына шуақпен қарайтын саңылау табады.

«Бұл Конституцияға тіркелген  құқық пен бостандықтың бірлесуі, ол халықаралық актілерге, талаптарға толық жауап береді. Конституция құқықтық қана емес, идеологиялық құжатты біріктіріп ортақ құндылық тудырды.Жастардың Конституцияны мұқият оқығандары абзал», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика