Басқару

К.Костопулос: Қазақстандық экономика қиындықтармен жақсы күресуде

Қазақстандық экономика қиындықтармен жақсы күресуде, өсім деңгейінің төменденуі байқалауда, алайда болашақтан үміттеріңіз зор, деп ағынан жарылды Дүниежүзілік банктың Орталық Азия бойынша бас экономисті Кристос Костопулос ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы26 Тамыз , 17:14

«Бұл өзгерістерге екі себеп бар. Біріншісі мұнай бағасының төмендеуі және Қазақстанның басты серіктесі Ресей мен Қытайдың экономикасының өзгеруі. Мұның барлығы Қазақстанды бәсекеге қабілеттілігін арттыруға итермелейді»,- деді сарапшы.

Оның айтуынша, шикізатқа бай қазақстандық экономикадан басқа ресейлік және бразилиялық экономика 2013 жылдан бері қиындықтармен күресіп келеді. «Қазақстандық экономика қиындықтармен жақсы күресуде, өсім деңгейінің төмендеуі байқалуда, алайда болашақтан үміттеріңіз зор. Оның үстіне жоғары экономикасы бар елдердің өсімі алдағы бірнеше жыл бойы 2% деңгейінде болады. ЭЫДҰ мүше мемлекеттердегі жағдайда дәл осындай болады және еуро аймақта экономика тиімділігі төменірек болады», - деп толықтырды Кристос Костопулос.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика