Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Сарапшы: Конституция – өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беретін бабалар аңсаған арман

Конституция - өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беретін бабалар аңсаған арман, билік өзінің ғана емес халықтың қара басын ойлаған заман, халық өз тағдырын өзі шеше алатын заманды ата-бабамыз аңсап кеткен, деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының әділет институының жетекші ғылыми қызметкері Құралай Садықова «Конституция – қазақстандық қоғамның негізі» деп аталытын дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы 26 Тамыз, 17:09

ҚР Ұлттық музейінде 2015 жылдың мерейлі мерекелері: Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен ҚХА 20 жылдығы қарсаңында «Конституция – қазақстандық қоғамның негізі» атты отырыс өтті.

Дөңгелек үстел барысында ҚР-да конституционолизмнің дамуы мен қалыптасуы талқыланды. Шара барысында Қазақстан Конституциясына енген өзгерістерге көңіл бөлінді.

«Конституционалдық-құқықтық заңнаманы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, оның ішінде халықаралық актілердің нормалары бойынша қазақстандық құқықтың Конституция әлеуетіндегі дамуға қосқан үлес қарастырылды. Конституционализм әлемдік өркениеттің іргетасы болып саналады, демократиялық дәстүрлер мен салттардың іргетасы, ол ҚР конституциялық дамуының ерекшеліктерін анықтады», - деді Қ.Садықова.

Сондай-ақ, ол ҚР ұлттық құқығының тарихы қазақ мемлекеттілігінің пайда болуынан басталады, яғни 15-ші ғасырдың екінші жартысы.

«Конституция – заң әрпінде жарық көрген жалпыұлттық идея. Ол талай замандардан бері армандалып келе жатқан дүниелерді бойына сіңіріп, халықтың қазынасына айналды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика