Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Шу – Отар телімінде темір жолды бөгегіш орнатылды

Шу – Отар теліміндегі үш темір жол өтпесінде темір жолды бөгегіш қондырғыларды (УЗП) орнату жұмыстары аяқталды. Бұл қондырғылар пойыз жол жиегіне жақындаған сәтте автокөліктердің темір жолға шығуына бөгет бола алады, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан26 Тамыз , 19:54

Мұндай алдын алу шаралары шамамен 60 жолаушылар пойызы, жүк пойыздары, сонымен қатар «Тұлпар-Тальго» пойыздары күнделікті қатынайтын Алматы – Астана желілеріндегі қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Іске қосылған Құлақшын-Бел, 3803 шақырымдағы Шоқпар бекеті, 3794 шақырымдағы Еспе бекеттеріндегі өтпе аралықтарындағы бөгегіш қондырғыларды Шу дистанциясының белгі беру және байланыс мамандары қадағалайды.

Автомагистральдар мен темір жолдардың қиылысындағы қауіпсіздікті күшейту төтенше жағдайлардың алдын алу үшін аса маңызды. Өтпелердегі апаттардың дені  автокөлік жүргізушілерінің Жол ережелер тәртібін бұзуының салдарынан болып жатады.

Қазақстанда 1000-нан астам темір жол өтпелері бар. Олардың 400-і темір жол кезекшілерімен күзетілсе, 629-ы автоматтандырылған белгі беру қондырғысымен қамтылған. 38-і бөгегіш автоматтандырылған құрал-жабдықтармен жабдықталған.

 




Яндекс.Метрика