Өңірлер

Қостанай облысында тағы 2 өрт бекеті ашылды (ФОТО)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы аумағында екі бірдей жеке өрт бекеті ашылды. Веселоподол ауылдық округтің Веселый Подол с. мен Барвиновка ауылдық округтің Барвиновка с. салтанатты түрде көк лентаны кесті, деп хабарлады ҚР ТЖК.
Қостанай 26 Тамыз, 19:26

Сарыкөл ауданы әкімі Э. Күзембаев, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Т. Кәкімов, жергілікті әкімшілікпен ауылшаруашылық кәсіптердің басшыларының қатысуларымен бекеттер ашылды. Әкімшілік аумақта Веселоподол ауылдық округта ПК № 2 «Раушан - Агро» «Арыстан - ПК» ЖШС ауылшаруашылық кәсіпорынның базасында осындай бекет ашылды. Барвиновка с. өрт бекеті «Аманжол-Акро» ЖШС базасында әрекет етеді.

Облыста осындай 8 жеке өрт бекеттер пайдаланымға жүргізілген. Өрт сөндіру бекеттері арнайы жылытылатын үй-жаймен қамтамасыздандырылған, онда: демалыс бөлмесі және тамақтану бөлмесі, техниканы орналастыру арналған бокс.  Өрт сөндіру автомобильдері АЦ-40 Зил-130 және Газ-66 қажетті өртке қарсы құралдармен жабдықталған, техникалық дұрыс жағдайда. әрбір бекетте жұмыс істейтін өрт сөндірушілер саны 7 мен 10 адамды құрайды. Олар барлығы арнайы бағдарлама бойынша Департаменттің Кәсіби даярлық мектебінде оқуды өтті. Сынақ тапсырғаннан соң санаттантырылған комиссиямен лауазым бойынша бастапқы даярлық өткені туралы куәлік берілді. 

 Өрт бекеттер 3 ауылдық округтің аумағында орналасқан ормандала массивына жататын 7 елді – мекенді  өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз етеді (Веселый – Подол с., Ананьевка с., Большие Дубравы с., Еңбек с., Ковалевка с., Барвиновка с., Аманжол с.) жалпы 3 мың 500 астам тұрғыны бар  адамдарды  қорғайды. Әрбір өрт бекететінің есебі өрттерге шығады, сондай-ақ өрт сөндірушілердің көмектері қажет ететін оқиғаларға шығады.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика