Инвестициялар

Чехиялық компания ШҚО-да құс етін өндіретін жаңа фабриканы ашуға мүдделі

ШҚО-ның Үржар ауданында жылына 30 мың тонна ет өндіретін жаңа құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Чехияның «Бауэр Техникс» компаниясының өкілдерімен кездесу барысында, жаңа жабриканың жобасын талқылады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан27 Тамыз , 11:38

 Жылына 30 мың тонна ет өнімін шығаратын құс фабрикасы Үржар ауданында салынады деп жоспарлануда. Аталмыш инвестициялық жобаны жүзеге асыру құс етін сырттан әкелуді азайту сынды мемлекеттік маңызы зор тапсырманы шешеді. 

«Инвестициялық жоба бойынша, біз бизнес-жоспар құрдық. Азық базасымен қамтамасыз ету мақсатында, біздің тарапымыздан 30 мың га жер және 6 мың га суармалы жер бөлінетін болады. Тиісінше инфрақұрылыммен де қамтимыз», – деді Даниал Ахметов.

«Бауэр Техникс» компаниясының коммерциялық директоры Карл Ликарже, бұл жобаға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, бизнес-жоспармен танысып, облыс әкімдігінің тиісті мекемелерімен тығыз жұмыс істеген соң, жақын уақытта тұжырымды ұсыныстарын беретіндіктерін баса айтты.

«Бауэр Техникс» компаниясы мал шаруашылығы және азық өнеркәсібі саласындағы ірі жобаларды жүзеге асырумен айналысатынын айта кету керек. Компания Дания, Ресей, Украина, Беларусия және Словакия елдерінде құс фермаларын, сүт-сауда және шошөа фермаларын салған. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика