Білім беру

2015 жылы 7,5 мың мектеп 2 млн 600 мың оқушыны қабылдайды

Осы жылы 1-қыркүйек күні 7,5 мың мектеп 2 млн 600 мың оқушыны қабылдайды. Бұл туралы ОКҚ-да ҚР БҒМ басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.
Астана қаласы26 Тамыз , 15:02

«2015 жылы 7,5 мың мектеп 2 млн 600 мың оқушыны қабылдайды. Оның ішінде 336 мың бірінші сыныпқа келушілер», - деді министр.

А.Сәрінжіпов осы жылы 157 мектеп пайдалануға берілгендігін айтты.

«Бізде үшауысымды мектептер саны 80, олардың саны 100 болған болатын, апаттық жағдайда тұрған мектептер саны екі есеге қысқарды, 136-дан қалғаны 66. 2017 жылдың соңына таман бұл проблеманы шешуге тырысамыз», - деді ол.

БҒМ басшысы айтқандай, осы жылы 40 жаңа балабақша пайдалануға беріледі, ол 10 мың орындық. Қорытындысында 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 81,1 пайызды құрады, өткен жылы 79 пайыз болған.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика