Адам капиталын дамыту

Қалыптасқан және табысты Қазақстан үшін мықты әскер

ҚР Қорғаныс министрлігінің кадр департаменті бастығы генерал-мойор Талғат Сәбитұлы Мұхтаров қазақстандық әскердің кадр саясатын дамытудың негізгі болашағы мен қазіргі жағдайы туралы айтты.
Казахстан25 Қазан , 10:38

«ҚР Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында қорғаныс қабілеттілік пен әскери доктринаны жетілдіруді, қорғаныс тыйылу механизміне қатысуды тапсырды. Аталмыш тапсырмаларды орындау кешенді және ұйымдастырылған шараларды талап етеді. Соның ішінде Қорғаныс күштерінде кадр саясатын жетілдіруге қажеттілік туады.

Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбековтың жетекшілігімен тұрақты және жүйелі негізде кәсіби дайындық пен жоғарғы дәрежедегі әскердің қамтылуымен Қорғаныс күштерін дамыту бойынша тиімді шаралар қабылдануда.

Қорғаныс күштерінің дамуы әскери дайындықтың жеделдігіне мүмкіндік береді. Соның ішінде өткізілетін оқу-жаттығу жұмыстары санының артуы, әскердің жоспарлы қайта қарулануына жағдай жасау. Біздің елдің әскері шет елдік әріптестерімен бірге түрлі шараларға ат салысып, өзге елдермен бірігіп коалициялық күш ретінде дайындықтарын пысықтауға мүмкіндік алатын көптеген халықаралық оқу-жаттығулар өткізіледі. Мысалға, биылғы жылдың маусым айында Беларусьтегі халықаралық жарыста Қазақстан Республикасының снайперлер құрамасы жекелей де, топтық та сайыста бірінші орынға ие болды. Бұдан бөлек, биылғы жылдың шілде айында да Қарағанды облысының «Спасск» жаттығу орталығында «Алты Үкі» арнайы белгіленген барлау тобының халықаралық жарысы өтті. Онда біздің команда халықаралық сайыстың сөзсіз көшбасшысы аталды», - деді генерал-майор Т.Мұхтаров.

Сонымен қатар, қазақстандық әскерді заманауи қарулармен жарақтандыру мен жаңа технологиялармен қамтамасыз ету үшін жоғарғы білімді, білікті жан-жақты жетілдірілген, офицерлік корпустың кадрларын қажет етеді.

Әскерилермен кездесуінде ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбев айтқандай, «қазір біз XXI ғасырдың қазақстандық әскерін қалыптастырудамыз. Оның басты ерекшеліктері патриотизм, интеллектуалды даму мен салауатты өмір салты болуы керек».

 




Яндекс.Метрика