Басқару

Астананың ювеналды сотында медиацияның оң тәжірибесі байқалған – медиатор

Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша мамандандырылған сотында медиативтік тәжірибе қалыптасуда, оның көп үрдісі оң әсер беруде, деді «Медиацияны дамыту орталығы» қауымдастығының медиаторы Жазира Оспанова дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы26 Тамыз , 14:17

«Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша  мамандандырылған сотында медиативтік тәжірибе қалыптасуда, оның көп үрдісі оң әсер беруде.Бүгінгі таңда біздің активте осы жылдың мамыр айынан бастап 27 өтініш келіп түсті, оның 20-сы сәтті қаралды. 27 өтініште даудан  келісімге келу жолы өтілді. Мәселен тараптардың қозғалған істері бойынша 18 пайызы орындалды. Отбасылық дау-дамайлар шешілді, оның ішінде балалардың тұруы – 29 пайыз, қоғамдық тәртіп анықталды – 22 пайыз, әлемдік келісімге – 7 пайыз, медиацияда 14 пайызы бас  тартты», - деді ол.

Сондай-ақ, ол медиаторлық үшін қандай тәсілдер керек, және оны кім атқара алатыны туралы айтты.

Айта кетейік, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық істі  азайту мақсатында Астана қаласының ювеналды сотында «Медиацияның дауларды баламалы түрде шешудегі басымдығы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты – білім беру саласындағы дауларды қысқарту.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика