Халықаралық интеграция

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Түркия және Франция қару-жарақ пен әскери техниканы өзара жеткізуді жоспарлауда

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен оқу орындарында қорғаныс өнеркәсібі кешенінің және Ресей, Беларусь, Франция мен Түркия елшіліктерінің өкілдері қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери ғылымды дамыту персективаларын, халықаралық әскери-техникалық интеграцияның мүмкіндіктерін, заманауи қару-жарақ пен арнайы техникаларды өзара жеткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы26 Тамыз , 16:32

«Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығы қазіргі заманғы әскери техниканы дамытуға ерекше назар аударуда. Тек үш талап ғана қайта қарулану үдерісінде заманауи технологияны қолданудың барлық ұлттық қауіпсіздік сындарына төтеп беруі мүмкін», - деп конференцияда сөйлеген сөзінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров атап өтті. Жиналған төрт ел өкілдерінің мәселесі Астанада биыл 25 мен 26 тамызы аралығында өтетін «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскерлері мен әскери құралымдарынтехникалық жабдықтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту» атты VI-ші халықаралық әскери-ғылыми конференциясы айналасында өрбіді.

Конференция аяқталысымен қатысушылар іс-шара барысында айтылған ұсыныстарды іс жүзінде іске асыруға арналған ұсыныс қатарын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда әскери өнім шығару және оны екі жақты пайдалану өнідірісімен айналысатын бірқатар кәсіпорындар қызмет ететінін айта кеткен жөн.

Атап айтсақ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ, «С.М.Киров атындағы көлік өндірісі зауыты» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС сияқты зауыттар сапалы жылуға ден қойғыш құрылғыларын, нысанаға арналған линзалар, түнде көруге арналған құрылғыларын, автоматтандырылған басқару құрылғысын шетке шығара алады.


 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика