Өңірлер

ҚР-да 2020 жылдан кейін көліктің ұлттық бренді пайда болады

Қазақстанның көлік өндірісін дамыту 2020 жылға дейін көлік брендін жасауға әкелуі тиіс, деді «Аллюр Авто» бас директоры, «Қазавтобизнес» қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев ОКҚ-да.
Астана қаласы26 Тамыз , 14:05

«Бүгінде шетелдік брендтерге ұқсас автомобильдерді шығаруды тоқтатпау  негізгі сұрақтардың бірі болып табылады. Өзге автомобильдік брендтің өнімін шығару автоөндірісті дамытудың басты мақсаты емес. Бұл орайда халықтың да наразылығы болып жатады. Біздің автоөндірісіміздің дамуы ұлттық брендті тудыруы керек», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанға барлық материалдарды жинап 2020 жылға қарсы ұлттық брендті дайындауға көшу керек.

«Біз қазір оған дайын емеспіз, себебі кешен жоқ, технологияларды дамыту орталығы жоқ, сертиыикатталған база сынды дүниелер керек. Осы бес жыл ішінде барлығын қамдап, 2020 жылға қарсы ұлттық бренд тудыру қажет», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика