Өңірлер

А.Лаврентьев: Қазақстандық нарық Қырғызстаннан көліктер ағынынан қорғалған

Қазақстандық нарық Қырғызстаннан көліктер ағынынан қорғалған, деді «Аллюр Авто» бас директоры, «Қазавтобизнес» қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев ОКҚ-да.
Астана қаласы26 Тамыз , 13:51

«Қырғызстан тарапынан  қазақстандық автоөндірушілерге қауіп тұрған жоқ. Неге? Себебі, біз Қырғыз Республикасымен келісім орнатқан жағдайда біз Үкіметті ақпараттандырдық, қазақстандық шекараға қырғыз көліктері ҚР-ның ЕАЭО-ға қосылуынан кейін көптеп кіргізілді. 2014 жылы барынша көп мөлшерде автокөліктер енгізіліп қойды. Сондқтан, 20104 жылдың 1 қаңтарынан кейін енген автомобильдер  Кедендік одақ тауары болып есептелмейді», - деді А.Лаврентьев.

Оның айтуынша, қазақстандық автопромды қорғайтын жаңа әдістер пайда болды.

«Автомобильдерге келетін болсақ, Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін жіберілген авто саны аз, оның көп мөлшері ескі көліктер,олар жаңа қабылданған заңнама аясында ҚР-ға аса алмайды. Сондықтан Қырғызстан тарапынан келетін автокөліктердің ағынынан сескенбеуге болады», - деді ол.

Анара Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика