Басқару

Астананың ювеналды сотында білім саласының қызметкерлеріне сотқа дейін мәселені шешу тәжірибесі туралы айтылды

Кәмілет жасқа толмағандар арасында сот істерін азайту мақсатында Астананың ювеналды сотында «Талас – тартыстарды медиация сына баламалы әдіспен реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға елордалық колледждердің өкілдері қатысты. Оның мақсаты білім беру жүйкіндегі қақтығыстар деңгейін төмендету.
Астана қаласы26 Тамыз , 13:21

«Бүгінгі дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты ювеналды соттағы медиативті келісімдер туралы кеңірек айтып беру. Себебі баршамыз кәмілетке толмағандарды қорғаумен айналысамыз. Медиация – ол үшінші тұлға медиатор арқылы таласты сотқа дейін шешу», – деді сөз басында Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Нәзилә Раззак.

Семинар барысында кәсіпқой медиаторлар білім беру саласының қызметкерлерімен бірге медиацияның мынадай мәселелерін қарастырды: таластан достасуға дейін, жасөспірімдер қылмысы, сот медиациясы – таластарды шешу кілті, білім беру саласындағы медиация, ювеналды сотта медиацияны пайдалану тәжірибесі.

Естеріңізге сала кетейік 201 жылдың 5 тамызынан бастап ҚР «Медиация туралы» заңы күшіне енді.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика