Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

Ақмола облысының 7 денсаулық сақтау мекемесіне күрделі жөндеу өткізіледі

Ақмола облысында облыстың бюджет есебінен 7 денсаулық сақтау орнына күрделі жөндеу өткізіледі. Қазір 2 жоба бойынша 301,3 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақмола25 Қазан , 10:20

«2013 жылы денсаулық сақтау орындарының күрделі және ағымдағы жөндеуіне 453,2 млн теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2 нысанның жөндеу жұмыстарына 205,6 млн теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Облыс көлемінде 39 аурухана ұйымдары, 180 амбулаториялық-емхана мекемесі, 3 қан орталығы, 1 жедел жәрдем станциясы мен 4088 медицина пункті қызмет етеді.

 




Яндекс.Метрика