Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

1995 жылы өткен референдумда Конституция жобасын 90%-ға жуық қазақстандық қолдады – Рогов

1995 жылы өткен референдумда Конституция жобасын 7 милионнан астам немесе 89,14 % қазақстандық қолдады. Бұл туралы Бұл туралы ҚР Конституция кеңесінің төрағасы Игорь Рогов ОКҚ-да хабарлады.
Астана қаласы26 Тамыз , 13:07

«30 тамызда осыдан тура 20 жыл бұрын республикалық референдум өткізіліп, онда қолданыстағы Конституция қабылданды. Ата заң Қазақстанның барлық саяси жүйесінің ядросы болып табылады», – деді ҚР Конституция кеңесінің төрағасы.

Оның айтуынша, референдумға 8 миллионнан астам немесе барлық тұлғалардың 90,6 пайызы қатысып, 7 миллионнан астамы немесе 89,14% қазақстандық Конституция жобасын қолдады.

«Осылайша Конституция Қазақстан халқының басым бөлігінінің қолдауына ие болды. Көптеген ескертпелер, ұсыныстар келіп түсті, оның барлығын комиссия мүшелері ескерді. ҚР Президенті сараптамалық кеңес құрды, оған заңгерлер, саясаткерлер еніп, өз түзетулері мен өзгертулерін енгізді», – деп толықтырды ол.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика