Адамзаттық капитал

«Мерейлі отбасы»: Балалар – әр отбасының байлығы

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына көпшлікке үлгі, жеткен жетістігі мен айтары мол отбасылар қатысады. Осындай отбасылардың бірі көпбалалы Мусиндер отбасы, олардың барлығын балаға және өмірге деген махаббат біріктіреді. Отағасы жан жарымен 10 баланы тәрбиелеп жеткізген.
Қарағанды26 Тамыз , 15:17

«Мерейлі отбасы» отбасылық байқауы  - бұл өте керемет конкурс, ол ауызбіршілігі жоғары және үлгілі отбасыларды біріктіреді. Байқаудың негізіне үлкендерге құрмет, кішілерге ізет, жақындарына деген махаббат алынған», - деп ағынан жарылды Мусиндер отбасының үлкен қызы Таслима.

Сонымен қатар, ол байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, «Менің ойымша бұл байқау жастарымызға, жас отбасыларға жақсы әсер етіп, отбасын бағалауды үйретеді», - деді ол.

«Мен отбасымыздың осындаң мағынасы зор отбасылық байқауға қатысқанына қуаныштымын. Біздің ата-аналарымыз әрқашан тату болындар деп отырады», - деп толықтырды Мусиндер отбасының үлкен қызы Таслима.

Айта кетерлік жайт, Мусиндер отбасында 36 немере, 20 шөбере тәрбиеленуде. Ал, 2010 жылы Мусиндер алтын тойын атап өтті.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика