Өңірлер

А.Лаврентьев: ҚР-да 2015 жылдың соңына дейін автомобиль бағасынының көтерілуі күтілмейді

Қазақстанда еркін теңге айналымын білдіретін жаңа экономикалық саясат аясында 2015 жылдың соңына дейін автомобиль бағасынының көтерілуі күтілмейді, деп хабарлады «Қазовтобизнес» қауымдастығының президенті, «Аллюр Авто» ЖШС бас директоры Андрей Лаврентьев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы26 Тамыз , 12:18

«Шын мәнінде біз барлық өндірушілерге, дистрибьюторлпар мен делдалдарға күндерлікті мониторинг жүргіземіз, мақсат олардың  бағаны өсіруге бағытталған әр қадамын алдын-ала болжау. Бірінші кезекте біз Қазақстан Республикасында бар және сатылымға шығарылып қойған автокөліктердің бағасы өспейтінін түсінуіміз керек, себебі олардың бағасы бекітіліп қойған.  Бағаның қымбаттауы немесе артуы күтіліп отырған жоқ», - деді А.Лаврентьев.

Оның айтуынша, көптеген компаниялар бір доллар үшін 200 теңгеге дейін дәліз бекітіп қойған және автомобильдерді осы баға бойынша сатылымға шығаруда.

«Олар осы валюталық дәліз аралығында жылжуда. Көптеген автоөндірушілер, мәселен, Симас, Агромашхолдинг, СарыарқаАвтоӨндіріс өз бағаларын бекітіп қойды және бағаны өсіру күтіліп отырған жоқ. Кейбір дестрибьюторлық компаниялар өздерінің жазғы жеңілдіктерін алып тастады және қайтарып берді. Себебі қыркүйек-қазан айлары автомобиль саудасы қызатын шақ. Жеңілдіктер алынып тасталғаннан кейін автомабильдер бағасы 6%-ға өсті, алайда мұны қымбаттады деп айтуға болмайды», - деп баса айтты ол.

Сонымен қатар, ол атап өткендей ҚР-да автомобиль өндірмейтін компаниялардың өнімдерінің  2015 жылдың аяғы 2016 жылдың басында 5-6% қымбатауы күтіліп отыр.

«Тек, келер жылы ғана базалық баға өсімі 3-5%  деңгейінде болуы мүмкін. Алайда бұл тек менің болжамдарым, менің ойымша бұл соншалықты жылдам бола қоймайды», - деп түйді «Қазавтобизнес» қауымдастығының президенті.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика