Адам капиталын дамыту

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 8 мың жұмыс орны ашылды

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында 7 780 жұмыс орны ашылды, оның ішінде тұрақты 5 мыңы, деп хабарлады ІСБ.
Ақтөбе26 Тамыз , 20:12

Белсенді шаралармен 10 мың адам қамтылды. Оның ішінде 1225 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. 637 адам жастар тәжірибесіне бағытталды, 169 азаматқа шағын несиелер берілді. 118 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Жыл басынан бері 34 жұмыс орын жәрмңкесі  өтті,оның қорытындысында 682 адам жұмысқа орналасып, қоғамдық жұмысқа 456 адам бағытталды.

«Осы жылы белсенді шаралармен 16 мың адамды қамту жоспарланған, оның 57 пайызы жұмыссыз, 14 пайызы өзін өзі қамтығандар», - делінген хабарламада.




Дерекнама

Яндекс.Метрика