Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Павлодар облысында инвестиция көлемі 1,2 трлн теңге болатын 24 жоба жүзеге асырылуда

Павлодар облысында ИИДМБ аясында инвестиция көлемі 1,2 трлн теңге болатын және 6 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 жоба жүзеге асырылуда.
Павлодар26 Тамыз , 14:32

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, Индустрияландыру картасының жобасы қайта өңдеудің 6 саласы бойынша  жүзеге асырылады, олар: металлургия, химия, мұнайхимия, машинақұрылысы, құрылысиндустриясы мен тамақ өндірісі.

«Аймақта республикалық Индустрияландыру картасының 4 жобасы жүзеге асырылуда, инвестиция көлемі 1 трлн теңге болса, шамамен 2 мың жұмыс орны ашылады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, аймақтың Индустрияландыру картасында 20 жоба жүзеге асырылады, олардың инвестиция көлемі 193 млрд теңге және 3,7 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, жыл басынан бері аймақтық картаның 3 жобасы пайдаланылуға берілді. Олар: «Нефтехим LTD» ЖШС-ның полимерлі өнімдерінің өндірісі, «R.W.S. Concrete» ЖШС-ның темірбетон қырлы бөренесінің өндірісі.

Бұдан басқа, «ЗЖБИ ТемірТасПавлодар» ЖШС үй құрылысы комбинаты пайдаланылуға берілді.

«Болашақта аталмыш кәсіпорын «Нұрлы жол» және «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламалары аясында әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысына атсалысатын болады», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика