Халықаралық интеграция

ҚСЗИ АТОМ жобасына қосылды

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан страиегиялар зерттеулер институты АТОМ жобасына қосылады, деді ОКҚ брифингінде ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин.
Астана қаласы26 Тамыз , 11:08

«ҚР Президенті жанындағы Қазақстан страиегиялар зерттеулер институты АТЛМ жобасына қосылды. Осыған дейін жобаға азаматтық белсенділер, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар қатысқан болатын. Біздіңше, сарапшылық қоғамды тартқан да жөн. Ядросыз қарусыздану сарапшылық отырыстарда көтерілетін басты тақырыптардың бірі», - деді Е.Қарин.

Сарапшы айтып өткендей, Қазақстан өзге елдермен қоса, ядролық қаруды таратпау режимін күшейтуде. Бүгінгі таңда әлемде 15 мың ядролық орта бар.

БҰҰ мәліметі бойынша, 1800-і әскери дайындықта тұр.

«Өкінішке қарай, әлемдік саясатта біз әскери күштің қолданылуына куә болып отырмыз. Бұл ядролық қаруды қолдануға да бір жол ашып жатыр кейбір елдерде», - деді ол.

Айта кетейік, АТОМ жобасы - сынақтарды тоқтату біздің мұратымыз» деген мағынаны білдіреді. Жобаның мақсаты – ядролық сынақтарды түпкілікті тоқтату жолында нақты және тұрақты іс-шараларды қолға алу арқылы адамзат баласының күш-жігерін жұмылдырып, әлемді ядролық қарудан азат ету. 

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика