Халықаралық интеграция

Б. Садықов: ҚР-да МАГАТЭ-нің ТБУБ құру әлемдегі ядролық қаруды таратпау жүйесін нығайтады

МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкін құру әлемдегі ядролық қаруды таратпау жүйесі мен жаһандық қауіпсіздікті нығайтады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов ОКҚ-да өткен баспасөз конферениясында.
Казахстан26 Тамыз , 11:04

«Төрт жылды қамтыған министірлік пен МАГАТЭ хатшылығы ведомствосының жұмысынан кейін Төмен байытылған уран банкін құру бойынша барлық құжаттар келісілді. Құжаттарға қол қою рәсімі ертең МАГАТЭ-нің бас директоры Юкио Аманоның қатысуымен өтеді»,  деді Б. Садықов.

Оның айтуынша, МАГАТЭ-нің ТБУБ құру әлемдегі ядролық қаруды таратпау жүйесі мен  жаһандық қауіпсіздікті нығайтады.

«Банк ядролық технологиялардың таралу тәуекелін төмендетеді және жаһандық халықаралық қауіпсіздікті арттырады. Бұл Қазақстанның осы саладағы өзіндік үлесі борлмақ»,  деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, банк Өскемендегі «Үлбі» металургиялық зауытында орналасады.

Анар Тәңірқұлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика