G-global

29 тамыз күні ядролық сынақтардың құрбандарын еске алуға арналған бір минут үнсіздік өтеді

АТОМ жобасы 10 қыркүйекте өтетiн БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясына қатысады. 29 тамыз күні ядролық сынақтардың құрбандарын еске алудың бір минут үнсіздігі өтеді.Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР СIМ халықаралық ақпарат комитетiнiң төрағасы Роман Василенко мәлiмдедi,
Астана қаласы26 Тамыз , 10:41

«29 тамызда бүкiл әлем Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы iс-қимыл күнiн атап өтедi. Осы күні 11:05-те ядролық сынақтардың құрбандарын еске алудың бір минут үнсіздігі өтеді.Осы күннiң аясында халықаралық дипломатиялық және қоғамдық жұмыстар жүргiзiліп жатыр. Осы жұмыстың мақсаты – ядролық сынақтарға қарсы күрес бағытындағы үдерiстi ынталандыру және нәтижесiнде, ядролық қарудан азат әлем құру. Үш күннен кейiн халықаралық қоғамдастық осы күндi алтыншы рет атап өтедi», - деді Р.Василенко.

Оның айтуынша,республика аймағында акция Астана қаласында «Алау» спорт сарайының маңында өтеді.

«Қазақстанда осы уақытта «Алау» спорт кешенінің алдында аталмыш акция өтеді. Шараға АТОМ жобасының өкілдері, оқушылар мен студенттер, спортшылар қатысады. Олар аспанға аспанға ақ көгершіндер мен шарларды жібереді. Біз акцияға шеителдік қонақтар да қатысады деп үміттенеміз», - деді ол.

Айта кетейік, АТОМ жобасы - сынақтарды тоқтату біздің мұратымыз» деген мағынаны білдіреді. Жобаның мақсаты – ядролық сынақтарды түпкілікті тоқтату жолында нақты және тұрақты іс-шараларды қолға алу арқылы адамзат баласының күш-жігерін жұмылдырып, әлемді ядролық қарудан азат ету. 

Анар Тәнірқұлова




Яндекс.Метрика