Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: 7 ай ішінде «Павлодар» ЕЭА кәсіпорындары 2,1 млрд теңгенің өнімін шығарды

Биыл «Павлодар» ЕЭА аймағында Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жоба іске қосылады, деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігінде.
Павлодар26 Тамыз , 11:34

Жобалардың бірі – мұнай коксын өндіретін қондырғыны орналастыру ,инвестициясы 16,8 млрд теңге, 250 жұмыс орнының ашылуы бар.  Бұл тектес қондырғы Қазақстанда жоқ.

Екіншісі -  агрохимиялық өнімді шығару, инвестиция көлемі – 3,3 млрд теңге, 118 жұмыс орны ашылды.

«Бұл екі жобаның бірінші өнімі осы жылы өндірілді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2016 жылға арналған «Kazakhstan Chemical Company» ЖШС полиолефиннің өндірісіне бағытталған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, аталмыш кәсіпорындар 4,3 млрд теңгенің өнімін шығарды. 7 ай ішінде өнім шығарылымы 2,1 млрд теңгені шығарды.

«Павлодар» ЕЭА-ның одан әрі дамуы «KAZNEXINVEST» АҚ бірге «Павлодар» ЕЭА-ның 2015-2017 жылдарға арналған маргетингтік даму жоспары әзірленді. 




Яндекс.Метрика