Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: «Астана Ютария Ltd» компаниясы бір терезелі принціп бойынша жұмыс істейтін болады (ФОТО)

Өндіріс ошағы бір терезелі принціп бойынша жұмыс істейтін болады, осылайша өнімді үлгілеу, құрастыру, өндіру мен тапсырыс берушіге жеткізуге дейін барлығын жүзеге асырады, деп ағынан жарылды «Ютария Ltd» ӨИК» ЖШС» компаниялар тобының құрылтайшысы және «Астана Ютария Ltd» ЖШС бас директоры Сәуле Шәуенова «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Казахстан 26 Тамыз, 17:34

«Біз Астананың индустриалды паркінде инвестициялық жобамызды жүзеге асырдық. Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгені құрады. Бұл жоба қалаға не береді? Жоба Бизнестің жол картасы  2020 бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, Индустрияландыру картасына енді. Бүгінде бұл заманауи кәсіпорын және ол көбіне әйел затына арналған», - деді С. Шәуенова.

Оның айтуынша, фабрика 500 жаңа жұмыс орынмен қамтамасыз етуде.

«Біз Қазақстанда алғашқы «Zozhi» әлемдік брендінің дистрибьюторлық өкіліміз, мұнда тігін құралдарын құрастыруды бастадық. Бұдан басқа, жапон өндірісінде трикотаждан тігілген және тоқыма өнімдерінің өндірісін бір жолға қойдық», - деп толықтырды С. Шәуенова.

Бас директор хабарлағандай, барлық өндіріс бірегей, себебі олар бір терезелі принціп бойынша жұмыс істейді, яғни өнімді үлгілеу, құрастыру, өндіру мен тапсырыс берушіге жеткізуге дейін барлығын жүзеге асырады.

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика