Халықаралық интеграция

300-ден астам авиатехниканың экспонаттары «МАКС-2015» халықаралық көрмесіне қойылады

«МАКС-2015» XII халықаралық авиациялық-ғарыштық салоны басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 26 Тамыз, 12:03

Бұл көрмеге тәжірибе жинақтау және ұйымдастыру әдістерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысуда. «МАКС-2015» XII халықаралық авиациялық-ғарыштық салонының аясында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Ростех» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Чемезовпен, «Рособороноэкспорт» бас директоры Анатолий Исайкинмен, сондай-ақ «Иркут» корпорациясының президенті Игорь Демченкомен және «Ресей тікұшақтары» ААҚ бас директоры Александр Михеевпен кездесті. Кездесулер отандық қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында өткізілді. Авиасалоннан авиатехниканың әскери және азаматтық үлгілерін және оған қатысты материалдарды, сондай-ақ тәжірибелі ұшу аппараттары мен әскери жиынтықтарды көруге болады.

Көрмеге барлығы 800-ден астам компаниялар мен ұйымдар қатысуда. Осындай ауқымды іс-шараны көрші елде өтуі алдағы кезде Астана қаласында өтетін «KADEX-2016» халықаралық көрмесін өткізуге тәжірибесі жинақтау үшін айтарлықтай маңызды болып табылады. «Біз «KADEX» көрмесінің ерекше, сирек өтетін ерекшелігі болғанын қалаймыз. Аталған «KADEX» көрмесінің көп жоспарлы құрылымы бар. Көрмеде тек авиатехника жасайтын авиашоу ғана емес, сонымен бірге құрлық әскерлері және теңіз әскерлері өзінің қару-жарағы мен бар қуатын көрсетеді. Бұлардың бәрі кез-келген көрмені ұйымдастыру үшін аса маңызды», - деді ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы полковник Бақыт Құрманбаев.

Көрме жалпы көлемі 19 мың шаршы метрді және ені 1 200 шаршы метрді  құрайды, бұл павильондарда 356 авиатехниканың экспонаттарын ұсынуға әкелген әлемнің 44 елінен барлығы 864 қатысушы компания қатысуда. Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестер, екі ел арасындағы жан-жақты және екі жақты әскери-техникалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айта кеткен жөн.


 

 





Яндекс.Метрика