Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

NITEC ашық үкіметті енгізу жөніндегі жұмыс кездесуі өтті

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстанда ашық үкіметті енгізу жөніндегі жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы26 Тамыз , 14:47

Мәжіліс ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің төрағасы, сондай-ақ 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыру бойынша Модернизациялау жөніндегі ұлттық комиссияның есеп беруге міндетті мемлекетті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының «Ашық үкіметті енгізу» кіші тобының жетекшісі М. Әшімбаевтің қатысуымен өтті.

Өз сөзінде Әшімбаев «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы бойынша ендігі оның талқылануы парламентте қыркүйек айының басынан басталатындығы атап өтіп,  жұмыс барысы туралы хабарлады.

Іс-шара барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдерімен ашық үкімет, ашық НҚА порталдарының жұмысы, МО бірінші басшылары блогтарының жұмысы, сондай-ақ ашық деректер негізіндегі қосымшалар мен «Photo2Gov» қосымшасы көрсетілді.

Бүгінгі күні data.egov.kz порталында білім беру, медицина мекемелері туралы, мәдениет, қауіпсіздік объектілері туралы, көлік секторы деректері, сонымен қатар қалалар бойынша қылмыс, жол-көлік оқиғасы статистикасы мен статистикалық көрсеткіштер және тағы басқалар туралы 300-ден астам деректер жиынтығы қолжетімді. Деректер жиынтықтарынан басқа порталда ашық деректер негізінде құрылған қосымшалар бөлімі бар. Одан басқа порталда API интерфейсі көмегімен мемлекеттік органдар жүйелеріне қолжетімділік мүмкіндігі бар.

Ашық үкіметтің тағы бір құрауышы «Ашық НҚА», ол ҚР азаматтарының әзірленудегі заң жобаларын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен рұқсат беру құжаттарын  талқылау мақсатында құрылған. Ашық НҚА азаматтарға заң жобасымен мемлекеттік орган мен одан жоғары инстанцияларға кетпес бұрын танысуға мүмкіндік береді.

Кездесуде сонымен қатар халықаралық тәжірибе де талқыланды, атап айтқанда Ұлыбритания мен Сингапур елдерінің тәжірибесі.

Естеріңізге салсақ, қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық тенологиялар» АҚ азаматтар мен бизнестің ашық деректерге мұқтаждығын анықтау үшін бір қатар іс-шаралар өткізілуде. Кездесулер қорытындысы бойынша қалыптасқан және мемлекеттік органдармен келісілген деректер тізімі ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңы қабылдағаннан кейін ашық түрде жариялануға міндетті болады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика