Халықаралық интеграция

ҚР, Үндістан және Моңғолия Бас Прокурорлары ШЫҰ елдерінде қауіп-қатерлер мен қауіпсіздікке төнетін қатерлерге тосқауыл қою мәселесін талқылады

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев алдағы күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші жиналысы аясында Моңғолияның Бас прокуроры Энх-Амгалан Магванноров және Үндістан Бас прокуроры Мукул Рохатгимен кездесті, деп хабарлады Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Тамыз , 10:02

Екіжақты кездесулер барысында алдағы форумда қарастырылатын мәселелер алдын-ала талқыланды. А.Дауылбаев атап өткендей, бас прокурорлардың жиналысы көпжақты ынтымақтастықты толықтыра отырып, Шанхай ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде ерекше орын алады.

Әңгімелесушілер осы халықаралық институттың терроризммен, және экстремизммен, есірткінің және қарудың заңсыз айналымымен, трансшекаралық қылмыстылықтың өзе де түрлерімен, сондай-ақ заңсыз көші-қонмен күрес мәселелерін шешуде ұжымдық талқылау және ұтымды шаралар қабылдаудағы маңыздылығын жоғары бағалады.

Тараптар сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердегі дәстүрлі және жаңа қауіп-қатерлер мен қауіпсіздікке төнетін қатерлерге тосқауыл қоюды құқықтық реттеуді біркелкі ету және ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады.

Шанхай ынтымақтастық Ұйымы тұрақты әрекет етуші үкіметаралық ұйым. Ол 2001 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының қатысумен құрылған.

Қазіргі уақытта Ауғаныстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан ШЫҰ бақылаушылары, Түркия мен Шри-Ланка - сұхбаттасу бойынша серіктес мәртебесіне ие. 2015 жылғы 10 шілдеде Үндістан мен Пәкістанға мүше-мемлекет ретінде ШЫҰ-ға қосылу туралы, ал Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Камбоджа Корольдігі және Непал Федеративтік Демократиялық Республикасына сұхбаттасу бойынша серіктес мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.  




Яндекс.Метрика