Қазақ хандығына 550 жыл

Б.Сапарбаев Таразда Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге дайындық барысымен танысты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Жамбыл26 Тамыз , 09:17

Таразда вице-премьер облыс орталығының Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге дайындығын тексерді. Атап айтқанда, ол «Қазақ хандығы» монументінің құрылыс алаңын және оның маңайындағы гүлзарды абаттандыруды қарап шықты. Оған қоса, вице-премьер музей, Достық үйі және мерейтойға арналған сәулет ғимараттары құрылысының барысымен, сондай-ақ бірқатар қалалық гүлзарлар мен көшелерді абаттандырумен танысты. Бұдан бөлек, вице-премьер жөндеу жұмыстары жүріп жатқан облыстық драма театрында және «Тараз» орталық стадионында болды. 

Жұмыс бағдарламасының тағы бір бөлігі сауда орындарын, АЖҚС және айырбастау пункттерін аралау болды, онда вице-премьер азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына, ЖЖМ-на бағалармен және айырбастау валюталарының бағамдарымен танысты. Б.Сапарбаев бағалар тұрақтылығын және бір қалыпты әлеуметтік жағдайды атап өтті. 

Жергілікті атқарушы органдар басшыларының, қоғам және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте сапар қорытындысы жасалды. 

Отырыс барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелерінің кең ауқымы қаралды. Облыстағы баға белгілеуге бақылау жүргізу, жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу тақырыптарына айрықша көңіл бөлінді. Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқандығын айтып өтті. 

Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті тауарлар бағаларын одан әрі мониторингілеу және оларды ұстап тұру бойынша шаралар кешенін қабылдау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика