Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Пәкістанның Үкімет басшылары ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Наваз Шарифпен кездесті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Астана қаласы26 Тамыз , 09:02

Келіссөздер барысында экономиканың түрлі салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты кеңіту мәселелерінің кең спектрі талқыланды. Атап айтқанда, инвестициялық саладағы, энергетикалық сектордағы, АӨК-дегі қазақстандық-пәкістандық өзара іс-қимылды жандандыру перспективалары, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері қаралды. 

Үкімет басшылары екі жақты қарым-қатынасты дамытудың серпінді сипатын атап өтіп, Қазақстан мен Пәкістанның іскерлік серіктестігін одан әрі тереңдетуге келісті. 

Келіссөздер соңында тараптар ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика