Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры ҚР Конституциясын меңгеру байқауын қорытындылады (Фото)

ҚР Конституциясы күніне орай ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры «Қазақ радиосы» мен «Астана радиосы» республикалық әуе толқынында тыңдаушылар арасында елдің Ата заңын білу бойынша байқау ұйымдастырған болатын. Қорытындысында республиканың әр түкпірінен 28 жеңімпаз келді.
Астана қаласы 25 Тамыз, 19:28

«Конституция күні қарсаңында радиотыңдаушылар арасында ҚР Конституциясын меңгеру бойынша байқау өткізілді. Екі радио толқынында біз Ата заңға байланысты оңай және күрделі сұрақтар қойдық. Байқауға 200 адам қатысты. 28 жеңімпаз атанған адам өз білімдерін жоғары дәрежеде байқатқандар», - деді ҚР Тұңғыш Президентінің PR-менеджері Тимур Асылханов.

Байқаудың барлық жеңімпаздарына жүлделер мен алғыс қағаздар берілді.

Салтанатты шара аяқталған соң Конституция құрдастары мен байқау жеңімпаздары ҚР Тұңғыш Президенті саябағында ағаш отырғызу үдерісіне қатысты.

Анар Тәңірқұлова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика