Энергияның балама көздерін дамыту

Қазақстан жыл санап әлемдік энергетикалық қауымдастықта өз позициясын нығайтуда - ИЖТМ

Энергетикалық тұрақтылық индексі бойынша Қазақстан 129 елдің ішінде 58 орын алады. Бұл мәліметтер Бүкіләлемдік энергетика конгресі есептемесінде қамтылған.
Казахстан25 Қазан , 09:58

 

«Сөзсіз, Бүкіләлемдік энергетика конгресі рейтингіне қатысу – Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы» айтқан он жаһандық қауіп-қатер бойынша алға қойылған мақсаттың орындалғаны. Қазақстан өз орнын жыл санап өсіріп келеді, демек, әлемдік энергетикалық қауымдастықта өз позициясын нығайтуда, оған дәлел 6-ыншы және 35-інші орын», - деді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау мен тексеру комитетінің Төрағасы Арман Тұрлыбек.

Конгресстің мәліметінше, ел рейтингі өсіп, энергетикалық қауіпсіздікте де Қазақстан алға ілгерілеуде. Қазақстан 129 елдің ішінде 6-ыншы орын алып, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Швейцария, Испания, Швеция, Германия, БАӘ мен Грузияны басып озды.

Сонымен қатар, халықтың энергоқолжетімділігі де тұрақты өсім үстінде. Бүгінде бұл бағыт бойынша Қазақстан 35-інші орынға табан тіреген.

Халықаралық рейтингтің құрушыларының айтуынша, Қазақстанда экологиялық энергия деңгейінің өсімі де анық байқалады. Қазақстанның экологиялық тұрақтылығы 3 саты алға жылжып, 116-ыншы орынға жеткен.

Бүкіләлемдік энергетика конгресі индексі ел ішіндегі энергетикалық жағдайды сараптау негізі мен өзге үш факторға қарай түзіледі: энергетикалық қауіпсіздік, энергетиканың халыққа қолжетімділігі мен экологиялық таза энергетика саласы.

Аталмыш конгресс 3 жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Айта кету керек, энергетика саласындағы әлемдегі ең беделді WEC DAEGU XXII Бүкіләлемдік энергетикалық конгресс форумы 2013 жылы 13-17 қазан аралығында Тэгу қаласында (Оңтүстік Корея) «Ертеңіміз үшін бүгінгі энегетикалық қауіпсіздік» ұранымен өткен болатын.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика