Халықаралық интеграция

ҚР Премьер-Министрінің арнайы өкілі Иордания Королі Абдалла II бен аль-Хусеймен кездесті

Амман қаласында Иордания Королі Абдалла II бен аль-Хусейн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің арнайы өкілі, Елші Бағдат Әміреевті қабылдады, деп хабарлады ҚР СІМ.
Казахстан 25 Тамыз, 18:26

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Абдалла II-ге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын табыс етіп, иордандық монархты Қазақстанның халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қызметімен және еліміздің Таяу Шығыс мемлекеттерімен қарым-қатынастарын дамытуымен таныстырды.

Иордания Королі өз елінің Қазақстанның сыртқы саяси қызметін, екі елдің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастығын, сондай-ақ Астананың халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бұдан да үлкен үлес қосатынын қолдайтыны туралы айтып жеткізді.

Абдалла II Иорданияның екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін атап өтіп, Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа және достас Қазақстан халқына өзінің игі тілектерін жеткізуді сұрады.

Сұхбат барысында, сонымен қатар, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.

 





Яндекс.Метрика