Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Павлодар станциясында вагондар мен жүктерге бейнебақылау енгізудің бірінші кезеңі аяқталды

Павлодар станциясында «Қозғалыс кезіндегі жүктер мен вагондардың сақталуын автоматтандырылған бақылау жүйесін» (АСК ГЦВ) өндіріске енгізудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады ҚТЖ.
Павлодар26 Тамыз , 16:03

Темір бетон арқаулары орнатылып, оларға электрмен жабдықтау және байланыс құрылғылары орнатылды. Жоба бойынша Павлодар станциясында 11 дербес П әрпі секілді арқауларға арнайы бақылау қондырғылары орнатылады. Бақылау қондырғылары арқылы вагондардың инвентарлық номерлері мен коммерциялық тексеру, анықтау шаралары жасалады.

АСК ГЦВ Павлодар станциясындағы кешенді түрдегі ауқымды технологиялық үдерістерді автоматтандыру жұмыстарын жалғастыру болып табылады. Мұндай бақылау қондырғылары Жаңа ауыл, Екібастұз, Тобыл, Железорудная станцияларында бар. Бұл қондырғылар еңбек қауіпсіздігін жақсартады. Коммерциялық ақаулар, жабық вагондардың, цистерна, жартылай ашық вагондардың зақымдануы, жүктердің нақты салмағын анықтау автоматтандырылған режимде жүргізіледі. Осы жүйе арқылы жұмыс уақыты үнемделіп, станцияның өткізу қабілеті өсіп, еңбек көрсеткіші жақсарады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика