Қазақ хандығына 550 жыл

Қ. Ботбай: Қайта басылған «Тарих-и Рашиди» кітабында өзгерістер мен толықтырулар бар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «ҚазАқпарат» М.Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабын қайта шығарды, деді Астанада кітаптың таныстырылымында «ҚазАқпарат» баспагерлік корпорациясының президенті Қонысбек Ботбай.
Астана қаласы25 Тамыз , 17:56

««Тарих-и Рашиди»  кітабының ерекшелігі ол түгел өзгертілді. «Мәселен, түпнұсқасында қазақша сөздер бар, 150 сөз шамасында. 1996 жылы Өзбекстанда бұл кітап жарық көреді, ол орыс тілінде жарық көргендіктен қазақша сөздер алынып тасталды. Ал түпнұсқада бар, біз оларды қайта қалпына келітіріп қосып, соңында қазақша жазылған сөздерге анықтама бердік», -  деді ол.

Жинақ 7000 тиражбен жарыққа шықты. Қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде жарық көрген болатын.

Айта кетейік, Дулатисдің еңбегі Жетісу туралы, Моғослтанның бір бөлшегі туралы жазылады. Ұлы жазушы Қасым ханның еңбегін ерекше зерттеген.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика