Қазақ хандығына 550 жыл

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған М.Х. Дулати мен І.Есенберлиннің қайта шығарылған кітаптары таныстырылды

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған М.Х. Дулати мен І.Есенберлиннің қайта шығарылған кітаптары таныстырылды. Шараға шығармашыфлық зияткерлік топ пен ғылым өкілдері қатысты.
Астана қаласы25 Тамыз , 17:39

2015 жылы ҚР Үкіметінің жарлығына сәйкес, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейлік мерекелерге дайындық туралы «ҚазАқапарт»  баспагерліктің бастамасымен иран тілінен Ислам Жеменей, Қанат Сыздықов, Ұлан Еркінбаев  тәржімалаған  Махмұт Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабы шығарылды. Оның құрастырушысы «Қазақстанның тарихшылар қауымдастығы» қоғамдық қоры. Жинақ 7000 тиражбен жарыққа шықты.

«Тарих-и Рашиди» кітабы 7 мың данамен шықты. 90-шы жылдардың соңында қоғамдық қор Алматыда қазақ тіліндегі кітапты шығарды. Бірақ онда қателіктер, олқылықтар жіберілді. Біз осы жылы бұл қателіктердің жөндеп, түзеттік. Кітаптың ішінде көптеген суреттер бар, 4 мың дана қазақ тілінде, 2 мың-орысша, 1 – ағылшын», - деді «ҚазАқпарт» баспа корпорациясының президенті Қонысбек Ботбай.

Айта кетерлігі, Дулатидің еңбектерінде Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Ирактың тарихы кірген.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика