Өңірлер

Алматы облысында 23 кәсіпорын қолдау ретінде жарты миллиард теңге алады

Талдықорғанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің басшылығымен "Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Аймақтық үйлестіру Кеңесі өткізіліп, 23 кәсіпкердің жалпы сомасы жарты миллиард теңгені құрайтын өтініші қаралды,деп хабарлады аймақтың әкімдігі.
Алматы26 Тамыз , 10:18

Өтініш бергендер - негізінен мал шаруашылығы, медицина, туризм, сауда, жүк және жолаушы тасымалдау саласында  жұмыс  жасайтын кәсіпорындар.

Мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындардың ішінде «Dolce» ЖШС, «Centre Nova Diagnostic» ЖШС, «Dostyk Cargo Service» ЖШС, «Дорснаб» ЖШС көпсалалы компаниясы, «КазМалы» ЖШС, «Водолей» ЖШС және 17 жеке кәсіпкер несие қаражатына негізгі құрал - жабдықтар мен ғимарат сатып алуды жоспарлауда.

Барлық жобаларға несие бойынша 7-ден 10 пайызға дейін субсидия бөлінбек, сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының  кепілдігі  беріледі.

Солардың бірі Ұйғыр ауданындағы «КазМалы» ЖШС Герефорд және Ангус тұқымды мал басын ұлғайтпақ, ал Алакөл ауданындағы «Dostyk Cargo Service» мекемесі жақында  көліктік-логистикалық терминал салуды жоспарлап отыр.

Ал кәсіпкер Ким Константин Ескелді ауданында жүк тасымалдау саласын дамыту бағытында жеке кәсібін ашуда.

Жалпы Алматы облысында «Бизнестің жол картасы - 2020»  бағдарламасы аясында жылдың басынан бастап Аймақтық үйлестіру Кеңесі 5,5 млрд.теңге құрайтын 65 жоба мақұлдады.

 




Яндекс.Метрика