Астанадағы жаңа кәсіпорында солтүстік өңірдің Астана депосы Қарағанды, Есіл, Бурабай шипажайы локомотив деполарының тепловоздарына техникалық қызметтер көрсетеді.
«Жаңа сервистік орталықтың ашылуы арқылы локомотивтерді шығандағы орталықтарға апармай-ақ, оның техникалық ақауларын Астанада тез ретке келтіреміз. Сонымен бірге Аягөз, Сексеуіл секілді мыңдаған шақырымдарға жұмсамай, шығынын азайтамыз. Елордасындағы орталықтың негізгі қызметі СО-1 деп аталатын техникалық (фильтрді, дизель отынын ауыстыру, жабдықтарды тексеру) қызмет көрсетеді. Сонымен қатар мұнда жұп доңғалақтарды жонып, ұсақ ақауларды қалпына келтіру жұмыстары жасалады»,- дейді «Локомотив» АҚ жөндеу басқармасының бастығы Елдос Тоқбергенов.