Адам капиталын дамыту

Ақмола облысының әрбір бесінші студенті техникалық және кәсіптік білім алуда

Ақмола облысының білім беру басқармасының жетекшісі Балым Ізбасарова аймақтағы техникалық және кәсіптік білім берудің дамуы жайлы айтты.
Ақмола25 Қазан , 10:02

«Ақмола облысында 43 техникалық және кәсіптік ұйым қызмет етуде. Онда 23 мыңға жуық студент білім алуда. Кадрлар 72 мамандық және 117 техникалық қызмет түрі бойынша дайындалады.», - деп мәлімдеді ол.

Оған қоса, Б. Ізбасарова техникалық және кәсіптік білім беруден жастарды қамту бойынша аймақ үздік бестіктің қатарына енеді. Жастарды қамту 20,2 пайызды құрап отыр, ал ол 18,1 пайызға тиесілі болу керек.

Кадрлардың басты бөлігін ауыл шаруашылығы құрайды, сондықтан да агроөндіріс саласына мамандарды дайындаумен 13 колледж айналысады.

 

 




Яндекс.Метрика