Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

Қостанайда «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында көз ауруларын емдеуге арналған құрылғы сатып алынды

Қостанайда «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында көз ауруларын емдеуге арналған лазер құрылғысы сатып алынды. Бұл туралы Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлшат Байжұманова хабарлады.
Қостанай15 Желтоксан , 00:00

«Жылдың соңына дейін Қостанай облысында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 37 медициналық құрылғы сатып алу жоспарланып отыр. Олардың көбі аймаққа жеткізілді. Құрылғылардың барлығы 700 млн теңгеден астам сомадағы республикалық трансферттің арқасында сатып алынды. Олар рентген-мамограф, тридмил-жүйе, зертханалық автоматтық анализаторлар. Сондай-ақ,  №1 емханада "lasers"аппараты пайда болды», - деп атап өтті Байжұманова.

Оның айтуынша, осындай құрылғының саны елімізде алтау және бұл аппарат Солтүстік Қазақстанда жалғыз.

«Біздің ұйымдардың медициналық құрылғылармен жабдықталуының деңгейі 53,8%, ал республика бойынша 51% құрайды», - деп толықтырды Г.Байжұманова.




Яндекс.Метрика