Адами капитал

Сосновскийлер әулеті «Мерейлі отбасы» байқауында ШҚО-ны таныстырды

Шығыс Қазақстан облысын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында таныстыруға кеншілер әулеті-Сосновскийлерге бұйырды. Strategy2050.kz берген сұхбатында отбасы ұлттық байқауға дайындықтары туралы айтты.
Шығыс Қазақстан25 Тамыз , 18:57

«Әкеміздің ұйымынан «Мерейлі отбасы» байқауына қатысу ұсынысы түсті. Бізге ол аяқ астынан болды. іздің ата-анамыз  жауапкершілігі мол, сондықтан оларды жерге қарата алмадық. «Мерейлі отбасы» байқауында бізден 10 адам қатысты, ол бізің ата-аналарымыз бен Алексейдің отбасы», - деді Сосновтар әулетінің өкілі Оксана.

Оксананың айтуынша,Александр Сосновский 30 жыл бойы өз мамандығына адал болып келе жатыр.

«Әулеттің отағасы Александар Сосновский «Қазмырыш» ЖШС Зырян тау-кен байыту комбинатының құрметті жұмыскері болып есептеледі. Жұмыс оның екінші отбасы. Әкесінің ізін қуып университет бітірген соң кенже інім Алексей кенші болды. Ол қазір өндірісте әкеммен бірге жұмыс істейді», - деді ол.

Әулеттің отының ұйытқысы – шешем Татьяна, дейді Оксана. Жоғарғы санатты ұстаз, математик.

«Ол 17 жыл бойы сйлеу есту жүйелері бұзылған интернатта жұмыс істейді. Мен мамандық бойынша журналистпін «Рудный Алтай» газетінде жұмыс істеймін. Менде өзімнің жеке «Менің өгей балам» деген айдарым бар. Оған мен кеңестер жазамын», - деді ол.

«Мерейлі отбасы» жобасына қатысушы байқаудың сапалы әрі маңызды екенін айтты.

«ҚР Президенті айтып өткендей, Отан отбасынан басталады. Егер біз отбасы институтын нығайтсақ, басқа салада қиындық болмайды»,- деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика