Адами капитал

Ф.Қуанғанов: Бірінші жарты жылдықтың қорытындылары «Нұр Отан» жобаларының қажеттілігін көрсетеді

Партияның 12 мақсатты жобасы Қазақстанның халықтарын қамтиды, деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Астанадағы республикалық кеңес барысында.
Астана қаласы25 Тамыз , 16:53

«Нұр Отан» нақты әлеуметтік топтармен жұмысты күшейтті. Бірінші жарты жылдықтың қорытындылары  «Нұр Отан»  жобаларының қажеттілігін көрсетеді. Партияның 12 мақсатты жобасы Қазақстанның  халықтарын қамтиды. Әлеуметтік мәселелерді шешу «Ардагерлерді ардақтайық»,  «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық» жобалары бойынша жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 5,5 мың ардагердің мәселесі шешілді. 1600 жетім бала жанұяларға орналастырылды. 676 пәтер бөлінді, 650 мың отбасыға көмек көрсетілді. 1000 бала және спорт нысандары қалпына келтірілді», - деді Ф.Қуанғанов.

Оның айтуынша, «Мықты бизнес - қуатты мемлекет» жобасы аясында ҰКП бірігіп  ШОБ туралы заңнамаға 10 өзгерту енгізілді.

«Елбасының тапсырмасы бойынша партия мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетуді басымдыққа алды. 6 мыңнан астам мүгедек жұмыспен қамтылды, 190 нысан бейімделді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика