Өңірлер

Қазақстанда ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған марка шығарылды

«Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған марканы пошталық айналымға енгізгені туралы хабарлайды, деп хабарлады компания.
Астана қаласы25 Тамыз , 18:42

Марканы бастыру салтанаты Конституциялық Кеңес ғимаратында өтті. Іс-шараға «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов қатысты.

Бұл марка «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясында шығарылған. 4 бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 130 х 108 мм.

Марканың өлшемі  26 х 36 мм. Парақта 8 (сегіз) марка. Пошталық марканың номиналы – «А» литерасы (112 теңге) – заңды тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 20 граммға дейінгі салмақта қарапайым хаты жіберу тарифіне сәйкес келеді. Таралымы – 5 000 дана.

 Суретші  Қ. Ибрайшин. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

 




Яндекс.Метрика